Неліктен КАСКО Қазақстандағы электромобильдердің иелеріне қажет

Қазақстандық жолдардағы электромобильдер жаңалық емес. 2025 жылдың тамызына қарай 20,7 мың осындай көлік тіркелген, ең көбі Алматыда - 12 мың, бірақ Сіз ұқыпты жүргізуші болсаңыз да, форс-мажорлардан ешкім сақтандырылмаған. Halyk Insurance компаниясының КАСКО полисі күтпеген жөндеу шығындарынан қорғайды.

Электр көлігін қымбат жөндеуден қорғау

Электромобильдер жоғары технологиялық бөлшектерге толы, олар арзан емес. Соққыдан кейін батареяны ауыстыру 2-5 миллион теңгені құрауы мүмкін. Ал Tesla Model Y үшін датчиктері бар алдыңғы әйнек шамамен 1 млн теңге, капот - шамамен 300 мың теңге, фаралар – шамамен 500 мың теңге тұрады. Осы үш бөлік үшін ең аз дегенде жұмыстарды есептемегенде 1,8 млн. теңге төлейсіз. Сақтандырусыз бұл бюджетке үлкен соққы.

Электрокарға арналған КАСКО полисі жөндеуден бірнеше есе арзан. 

КАСКО мына жағдайларда көмектеседі:

  • ЖКО кейін жөндеу ақысын төлеу. Егер Сіздің электр көлігіңізге сотығысса немесе Сіз кедергі жасасаңыз, сақтандыру - бамперден батареяға дейін қалпына келтіру бағасын өтейді.
  • Ұсақ зақымдарды жөндеу. Тас әйнекті сындырды ма, бұтақ шанақты сыдырды ма, әлде көлік тұрақта сүрілді ме? Полис жөндеу ақысын төлейді.
  • Апаттардан қорғау. Бұршақ, су тасқыны немесе өрт — сақтандыру көлікті қалпына келтіруге немесе өтемақы төлеуге көмектеседі. 
  • Айдап әкетудің орнын толтыру. КАСКО полисі бойынша біз ұрланған көліктің құнын өтейміз.

 

Мысал. Тұрақта тұрған электр машинаңызға бұтақ түсіп кетіп капот пен әйнекті зақымдады, делік. Сіз КАСКО-мен сақтандыру жағдайы туралы хабарлайсыз, растайтын құжаттарды ұсынасыз және төлем аласыз. 


Қателерден қорғау

Тіпті тәжірибелі жүргізуші де апаттан сақтандырылмаған. Сіздің электр көлігіңізге жаңадан жүргізіп жүрген жүргізуші немесе басқара алмаған адам соқтығысуы мүмкін. 2024 жылы Қазақстанда электромобильдермен 1,5 мың ЖКО тіркелді. КАСКО-сыз, егер кінәлі оқиға орнынан кетіп қалса немесе оның МАҚЖ сақтандыруы барлық залалды өтемесе, жөндеуді өзіңіз төлеуге тура келеді.

КАСКОМЕН Сіз:

  • Сіз ЖКО-ға кінәлі болсаңыз да, төлем аласыз.
  • Егер кінәлі адамда МАҚЖ полисі болмаса да, төлем аласыз

Мысал. Елестетіп көріңізші, Сіз өзіңіздің Zeekr-де жолда келе жатырсыз және кенеттен қарсы бетке басқа көлік шығады. Тәжірибеңіздің арқасында Сіз орап үлгересіз, бірақ бампер мен фараңызды зақымдайсыз. Кінәлі адамда сіз зардап шеккен тарап ретінде төлем алатын МАҚЖ полисі жоқ. Сіз КАСКО полисі бойынша сақтандыру жағдайы туралы мәлімдейсіз және автокөлікті сақтандыру есебінен жөндейсіз. 


Егер электр машинасы айдап әкетілген болса немесе оны қалпына келтіру мүмкін болмаса не істеу керек

Егер электромобиль айдап әкетілген болса немесе оған апат кезінде қатты зақым келсе, Сіз бірнеше ай бойы көліксіз қалуыңыз мүмкін. Halyk КАСКО полисі бойынша сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді (франшизаны ескере отырып). 

Мысал. Сіздің электр көлігіңізді айдап әкетті. Сіз Halyk Insurance-қа хабарлайсыз, құжаттарды ұсынасыз және сақтандыру компаниясы Сізге ауыстыратын көлікті сатып алу үшін көліктің толық құнын төлейді.


Қандай полисті таңдау керек

Біз электромобильдерге сәйкес келетін екі КАСКО бағдарламасын ұсынамыз: 

  • «Halyk КАСКО» толық қорғау немесе өзіне тәуекелдерді таңдау мүмкіндігімен
  • ЖКО кезінде қорғауға арналған «КАСКО Лайт»