Жақында Алмалы ауданында көршілер жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды. Алматыдағы өрт пәтердегі барлық мүлікті жойды, бірақ сақтандыру пәтер иесіне тұрғын үйді қарызсыз қалпына келтіруге көмектесті. Бұл жағдай Halyk Insurance полисінің апаттардан кейінгі қаржылық шығындардан қалай құтқаратынын көрсетеді. Үйді сақтандыру қалай жұмыс істейтінін және ол нені қамтитынын түсіндіреміз.
Көпқабатты үйдегі өрт - бұл екі еселенген соққы: Сіздің ғана емес, көрші пәтерлер де зардап шегеді және барлық жөндеу жұмыстары Сіздің иығыңызға түседі. Мысалдар миллиондаған теңгеге қалпына келтіру шығындарынсыз шығуға болатынын көрсетеді, ал Halyk Insurance-тың полисі жылына небәрі 15 мың теңге тұрады немесе жылына тұрғын үй құнының 0,1%-н құрайды.
Мысал. Сіздің пәтеріңізде сымдар тұйықталып, өрт ас үйдің түрін бұзды делік. Жөндеу құны 2 млн теңге: жаңа шкафтар, техника, сырлау құны. Сіз сақтандыру жағдайы туралы Halyk Insurance-қа хабарлайсыз және сақтандыру компаниясы қалпына келтіру үшін ақшаны аударады. Егер көршілер зардап шеккен болса (мысалы, төбені жөндеуге 500 мың теңге), полис олардың шығындарын лимит шегіне дейін өтейді.
Үйді неліктен сақтандыру керек
Үйді сақтандыру өрттен, су басудан немесе басқа төтенше жағдайлардан болған залалдардан қорғайды. Егер Сіз техниканы қалпынада ұстайтын болсаңыз да, тәуекелдер сақталады. Көршілерден су кетуі немесе кездейсоқ өрт мүлікті зақымдауы мүмкін. Полиссіз Сіз жөндеу жұмыстарын төлейсіз, ал көршілеріңізге зиян келтіру қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
Halyk Insurance полисі мына жағдайларда көмектеседі:
- Жөндеу ақысын төлеу. Өрттен немесе су басудан кейін пәтерді (қабырғалар, еден, жиһаз, техника) қалпына келтіруді өтейді.
- Көршілерге келтірілген зиянды өтеу. Егер Сіздің пәтеріңіздегі өрт немесе судың кетуі олардың мүлкіне зиян келтірсе, сақтандыру мәселені шешеді.
- Үнемдеу. Полис жылына 15 мың теңгеден басталады, бұл өрттен кейінгі жөндеуге қарағанда бірнеше есе арзан.