"Еурохаттама" қосымшасында ЖКО ресімдеңіз

Еурохаттама - жол полициясын шақырмай ЖКО ресімдеудің және сақтандыру компаниясынан өтемақы алудың жылдам тәсілі. ЖКО туралы хабарлама сақтандыру компаниясына автоматты түрде түседі.


Біз сізге бұл үшін не қажет екенін және неге ыңғайлы екенін айтамыз.

Басымдылықтары

  • 15 минутқа дейін рәсімдеу
  • Жол полициясын шақырмай
  • Сақтандыру компаниясына бармай
  • 6 күнге дейінгі төлемдер



Міндетті талаптар

  • ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген;
  • 2025 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 393 мың теңгеден аспайды (100 АЕК-тен жоғары емес);
  • Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
  • ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен);
  • Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;
  • Жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ.


Егер сақтандыру полисі ЖКО қатысушыларының кем дегенде біреуінде болмаса, онда ЖКО ресімдеу үшін жол полициясы қызметкерлерін шақыру қажет.



Қалай рәсімдеу керек?

  • "Еурохаттама" қосымшасын ЖКО-ға қатысушылардың екеуіне де AppStore немесе Google Play-де жүктеу қажет
  • Егер Сіз бұған дейін тіркелмеген болсаңыз, мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеуден өтіңіз. Нұсқаулық сілтеме арқылы қол жетімді.
  • Екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасында тіркеуден өтуі керек. Тіркеу кезінде 1414-тен келген SMS-ке жауап бере отырып, жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге келісім беру қажет.
  • Қосымшаға өтініш беріңіз және деректерді мұқият толтырыңыз. ЖКО-ның екі тарабы да автокөліктің зақымдануы туралы деректерді көрсетеді және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қояды.


Еурохаттама қосымшасы бойынша бейне нұсқаулық сілтемелер арқылы қол жетімді:


Еурохаттама қосымшасына қатысты сұрақтарыңыз болса

2570 – қызмет Қазақстан Республикасының барлық операторлары үшін тегін.