Halyk КАСКО
КАСКО мен міндетті автосақтандыру — КҚИ АҚЖМС полисінің айырмашылығы қандай?
КАСКО — ерікті сақтандыру. Ол өз көлігіңізді қорғайды. КҚИ АҚЖМС — заң бойынша міндетті сақтандыру. Ол басқа жол қозғалысына қатысушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді өтейді.
Полис қашан көмектеседі?
Айдап әкету
Жаңасын сатып ала алуыңыз үшін айдап әкетілген көліктің құнын төлейміз.
Залал
ЖКО, табиғи апаттар, сынған әйнектер, майысулар және т.б. кезіндегі залалды өтейміз.
Бөлшектердің ұрлануы
Егер айналар, әйнек тазалағыштар немесе дөңгелектер ұрланса, олардың құнын төлейміз.
Көліктің толық жойылуы
Егер көлікті қалпына келтіру мүмкін болмаса, оның құнын төлейміз.
КАСКО сақтандыруы: мысалдар
Жиі қойылатын сұрақтар
Франшиза дегеніміз не?
Сақтандыру жағдайында не істеу керек?
КАСКО полисі дегеніміз не?
КАСКО КҚИ АҚЖМС-тен несімен ерекшеленеді?
Егер өзім ЖКО-ға кінәлі болсам, өз көлігімді қалай қорғауға болады?
Сақтандыру жағдайы болып не саналады?
Неліктен рәсімдеу кезінде автокөлікті тексеру қажет?
Полисті қандай мерзімге рәсімдеуге болады?
Полиске қанша жүргізуші қосуға болады?
Полис қашан әрекет ете бастайды?
1414 нөмірінен SMS нені білдіреді?
Мен SMS-ке жауап берсем, неге полис рәсімделмейд»?
Сақтандыруды онлайн қалай алуға болады?
Қандай көліктерді сақтандыруға болады?
Қандай көліктер сақтандырылмайды?
Сақтандыруды бөліп төлеуге бола ма?
Сақтандыру сомасы дегеніміз не?
Полисті қалай жүктеуге болады?
Неліктен автокөлікті сақтандыру керек?
Құжаттар
Пікірлер
Сақтандыруды 4 қадаммен рәсімдеңіз
1

Деректерді енгізіңіз, құнын есептеңіз

2

Өзіңізге ыңғайлы түрде төлеңіз

3

Екі күн ішінде онлайн фото-тексеруден өтіңіз

4

Полисті жеке кабинеттен алыңыз

Halyk Insurance-тен КАСКО сақтандыруы

Өнім туралы

Көлікті жол-көлік оқиғаларынан, ұрланудан, толық жойылудан және зақымданудан қорғау. Тәуекелдерді икемді таңдау мүмкіндігі: тек қажетті сақтандыру қорғанысын таңдаңыз. Полисті онлайн рәсімдеуге болады, бұл ретте фото-тексеру жүргізіледі.

Halyk Insurance-ден Halyk КАСКО — көлікті ерікті сақтандыру полисі. Ол жол-көлік оқиғаларынан, ұрланудан бастап табиғи апаттар мен үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне дейінгі кең ауқымды тәуекелдерді қамтиды. Полис міндетті ОГПО ВТС-тің орнын алмастырмайды, бірақ полис иесінің көлігін қорғауға мүмкіндік береді. Сақтандыру нақты көлік пен оның иесінің қажеттіліктеріне бейімделеді: қажетті тәуекелдерді және көліктің құнына қарай тарифті таңдауға болады. Бөліп төлеу Halyk қосымшасы арқылы рәсімделеді. Сақтандыру аумағы — Қазақстан, қажет болған жағдайда оны кеңейтуге болады. Онлайн фото-тексеру полис рәсімделгеннен кейін екі тәулік ішінде жүргізіледі.

Полис нені қамтиды?

 Тарифке байланысты полиске мыналарды қосуға болады:

  • Жол-көлік оқиғасы және көліктің толық жойылуы

  • Көліктің ұрлануы

  • Көліктің өртенуі

  • Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері

  • Табиғи апаттар және топыраққа опырылып түсу

  • Заттардың құлауы

  • Әйнектер мен оптиканың зақымдануы

  • Оңай шешілетін бөлшектердің ұрлануы.

Тарифтер

Стандарт Құны 50 млн теңгеге дейінгі көліктерге арналған базалық тариф.

Максималды Құны 80 млн теңгеге дейінгі көліктерге арналған кеңейтілген тариф.

Қосымша мүмкіндіктер

Франшиза Франшиза мөлшерін таңдау полис құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бөліп төлеу Halyk мобильді қосымшасында 3, 6 немесе 12 айға рәсімдеуге болады.

4 жүргізушіге дейін Полиске бірнеше жүргізушіні қосуға болады.