ҚР- ға уақытша кіру

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіретін шетелдік автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі.

Көлік ҚР территориясында қанша күн болса, сонша күнге рәсімделеді, бірақ 5 күннен аз уақытқа емес. 

Егер Сіз ЖКО-ға кінәлісі болсаңыз, онда зардап шеккен тарапқа келтірілген залалды өтеу бойынша шығыстарды сақтандыру компаниясы өтейді.

Көлік құралдарының барлық иелері мен жүргізушілері "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 01.07.2003 ж. №446-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Міндетті полиссіз көлік жүргізу 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

КҚИ АҚЖМС полисін ресімдеу тиісті лицензиясы бар сенімді сақтандыру компаниясында жүзеге асырылуы тиіс.  ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, еліміздегі барлық сақтандыру төлемдерінің жартысына жуығын "Халық" сақтандыру компаниясы жүргізеді.

Сақтандыруды 3 қадаммен рәсімдеңіз

1

Деректерді енгізіңіз, құнын есептеңіз

2

Өзіңізге ыңғайлы түрде төлеңіз

3

Полисті жеке кабинеттен алыңыз

Тарифтер мен төлемдер

Автокөлікке келтірілген залал үшін - 2 595 000 ₸ дейін

Мүгедектікті белгілеу: 

  • I топ - 6 920 000 ₸  
  • II топ - 5 190 000 ₸  
  • III топ - 2 162 500 ₸ 
  • мүгедек бала - 4 325 000 ₸ 

Қайтыс болу - 8 650 000 ₸