Саяхатшыны сақтандыру бойынша жадынама

Halyk Insurance компаниясының «Саяхаттарды сақтандыру» полисі бірнеше сақтандыру түрін қамтуы мүмкін: туристі медициналық сақтандыру, жолаушыны сақтандыру және сапар кезіндегі мүлікті сақтандыру.
Осы жадынамада сақтандыру жағдайы орын алған кезде не істеу керектігі және сақтандыру төлемін қалай алу керектігі түсіндіріледі

1. Туристі медициналық сақтандыру

Шетелде шұғыл медициналық көмек қажет болса


Полисте және осы жадынамада көрсетілген телефон нөмірлері арқылы Сервистік компанияға (Ассистансқа)хабарласыңыз.
Келесі ақпаратты хабарлаңыз:

  • аты-жөніңізді;

  • сақтандыру компанияңыз — «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ;

  • оператордың сұрақтарына жауап беріңіз.

Сервистік компания — сақтандыру бағдарламасы шарттарына сәйкес медициналық және өзге де көмекті ұйымдастыратын Halyk Insurance компаниясының өкілі.
МАҢЫЗДЫ: Сақтандыру жағдайы туралы Сервистік компанияға уақытылы хабарлап, әрі қарайғы әрекеттерді келісіңіз. Хабарламау сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз болуы мүмкін.


Шетелдегі сервистік компания:

BAR “Nova Assistance” SRL

Мекен-жайы: Молдова Республикасы, Кишинев қаласы, Бухарест көшесі, 10, MD-2001

WhatsApp: +37379005222 (тек мәтіндік хабарламалар үшін)

Telegram bot: NovaAssistance_bot

E-mail: office@novasist.net

Телефон нөмірлері: 

  • Египет +20693666856 +20693666857;

  • Түркия +902429880231 +902429880235;

  • Болгария +35956918004;

  • Тайланд +66600035168;

  • Басқа елдер бойынша: +37322994955


Егер Сервистік компаниямен байланысу мүмкін болмаса және шұғыл көмек қажет болса, жақын жердегі медициналық мекемеге барып, шығындарды өзіңіз төлеңіз. Алғашқы мүмкіндік туған кезде, бірақ медициналық көмек алғаннан кейін 3 тәуліктен кешіктірмей, Сервистік компанияға немесе Halyk Insurance компаниясына хабарлаңыз.


Медициналық шығындар өтемін қалай алуға болады
Медициналық мекемеден:

  • куәландырылған медициналық қорытындылар мен тексеру нәтижелерін;

  • төлемді растайтын құжаттарды (инвойстар мен түбіртектерді) алыңыз.

Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде құжаттарды Halyk Insuranceкомпаниясына тапсырыңыз.

Halyk премиум карталарын ұстаушыларға арналған жадынама сілтеме арқылы қол жетімді.


2. Жолаушыны сақтандыру

Жазатайым оқиға

Медициналық мекемеге жүгініп, қажетті анықтамаларды алыңыз.


Сапардан мәжбүрлі түрде бас тарту

Ауру болған жағдайда:
Медициналық мекемеге барып, қаралған күні, диагнозы және тағайындалған емі көрсетілген анықтаманы алыңыз.
Мүлік зақымданған жағдайда:
Уәкілетті органдарға жүгініп, растайтын құжаттарды алыңыз.
Виза беруден бас тартылған жағдайда:
Елшілік немесе консулдықтан бас тартуды растайтын құжат алыңыз.


Құжаттардың жоғалуы

Жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге кеткен шығындарды растайтын барлық құжаттарды сақтаңыз.

Әуе рейсінің кешігуі

Келесі құжаттарды алыңыз:

  • тіркелгені туралы белгісі бар отырғызу талоны;

  • рейстің кешіккені туралы анықтама;

  • кешігуге байланысты тамақтану және тұру шығындарын растайтын құжаттар.

Багаждың жоғалуы

Тасымалдаушының өкіліне хабарласып, багажға қатысты актіні рәсімдеңіз. Оған тасымалдаушы өкілімен бірге қол қойыңыз. Тасымалдаушының ережелеріне сәйкес өтемақы туралы талап қойыңыз.

Түйісу рейсінен қалып қою

Әуе компаниясынан рейстің кешіккенін және нақты ұшу уақытын растайтын анықтама алыңыз. Отырғызу талонын немесе ұшу фактісін растайтын құжатты сақтаңыз.

Сақтандыру төлемін қалай алуға болады

Сақтандыру жағдайы туралы 3 жұмыс күні ішінде Halyk Insurance компаниясына хабарлаңыз.
Төлемді растайтын құжаттарды (инвойстар мен түбіртектерді) қоса алғанда барлық қажетті құжаттарды жинаңыз.
Шығындардың өтемін алу үшін құжаттардың толық топтамасын 30 жұмыс күні ішінде Halyk Insuranceкомпаниясына тапсырыңыз.

Байланыс

Байланыс орталығы: +7 (727) 331-00-00

WhatsApp: +7 777 090 18 50